Алматы: Даму, 2023. — 7 б.
Романовтар әулеті 1613-1917 жылдар аралығында Ресейді билеген.Құжаттар бойынша 14 ғасырдың ортасында өмір сүрген боярин А.И. Кобыладан бастау алады. 16 ғасырдың басына дейін Кошкиндер әулеті, сонан соң Захариндер әулеті деп аталды.Романовтар әулетінің күшеюі 1547 ж. Иван ІV патша Романның қызы Анастасияға үйленгеннен кейін басталды. Анастасияның ағасы Никита патшаның ең жақын кеңесшісіне айналды.1613 ж. 21 ақпанда Земский соборда Федор Никитич (Филарет) Романовтың 16 жасар баласы Михаил (1613-45) орыс патшасы болып тағайындалды.