Зарегистрироваться
Восстановить пароль
FAQ по входу

Йылмаз М.А. Айтыс жанрының типологиясы (Қазақ және түрік халықтары материалдарының негізінде)

  • Файл формата pdf
  • размером 1,72 МБ
  • Добавлен пользователем
  • Описание отредактировано
Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның авторефераты: 10.01.09 – Фольклортану. –М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты. – Алматы: 2010. — 32 б.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақ және түрік тілдеріндегі айтыстың түрлерін, әдіс-тәсілдерін, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын айқындау мақсатында төмендегідей міндеттер алға қойыдды:
- Фольклор мен ауыз әдебиеті төңірегіндегі айтысқа байланысты зерттеулерді тұтастай негізге алып, бұл тақырыпта қазақ және түрік ғалымдарының зерттеулеріндегі жаңа пікірлерді ғылыми айналымға түсіріп, соны түйін жасау.
- Мәселені жалпы сөз өнерінің дамуы шеңберінде қарастырып, қазақ пен түрік айтысының бағзы үлгілерін көне дүниетаныммен, халықтың тұрмыс-тіршілігімен үндестікте зерделеп, айтыстың түрлерін, қызметтерін, әр елдегі орындалу ерекшеліктерін айқыңдау.
- Айтыстың түркі халықтарындағы түрлі ерекшеліктерін жіктеп, оның себебі осы халықтардың өмір-тіршілік, еңбек-кәсібіндегі, сондай-ақ қоғамдық даму сатысындағы өзгешелікте екендігін көрсету.
- Қазақ және түрік айтыстарының өткізілу шартын арнайы талдау және осы төңіректегі жалпы ерекшеліктерді анықтау.
- Қазақ және түрік тіліндегі айтыстардың басқа өнермен ара қатынасын зерттеу және құндылықтарын ортаға шығару.
- Қазіргі айтыскерлер шығармаларының болмыс-бітімі мен көркемдік дәрежесін талдау.
- Түркі халықтарындағы айтыстың түрлерін саралау, осы жанрдың әу баста салтпен бірлікте өмір сүріп, кейіннен поэтикалық жүйесі бар жеке қалыптасқан жанр ретінде қазақ, қырғыз, қарақалпақ, сонымен бірге түрік, әзербайжан елдерінде дамып, озық өнер дәрежесіне көтеріле алғанын дәлелдеу.
  • Чтобы скачать этот файл зарегистрируйтесь и/или войдите на сайт используя форму сверху.
  • Регистрация