Алматы: Баспалар үйі, 2009. — 161 б.
Шәкір Шәкімшәрімұлы Ыбыраев (1950 жыл Қызылорда облысы, Шиелі ауданы) - фольклортанушы, ғалым, филологиялық ғылымдардың кандидаты, профессор.1973 жылы ҚазҰУ-ды бітіріп, Мәскеудегі әлем әдебиетінің институтында білімін жалғастырып, бұл оқу орнын 1976 жылы бітіреді. 1979 жылы ҚР ҰҒА Шығыстану институтының аспирантурасын бітіреді. Алғашқы еңбек жолын ол Әдебиет және Өнер институтында кіші ғылым қызметкері болып бастайды, 1882-89 жылдары ҚазҰУ-ға доцент, 1995-2000 жылдары Әдебиет және Өнер институтының директоры болып қызмет атқарады.