Оқу құралы. — Қостанай: ҚМПУ, 2020. — 120 б.
Ұсынылған оқу құралы Lazarus ортасында бағдарламалық қосымшаларды жасауды үйренуге мүмкіндік береді. Ол Lazarus тілі бойынша теориялық және практикалық материалдарды, өздік жұмысқа арналған тапсырмаларды қамтиды. Әр практикалық жұмыста көптеген мысалдар келтіріліп, оларды орындау жолдары қарастырылған, өзіндік жұмыстар үшін тапсырмалар және бекіту сұрақтарымен толықтырылған. Оқу құралының материалы мұқият таңдалып алынды, ол оның оңай қолданылуына ықпал ететін материалдардың анықтылығы мен қол жетімділігімен ерекшеленеді.
Ұсынылған оқу құралын жоғарғы оқу орындарының студенттері, орта мектеп оқушылары мен мұғалімдер және осы тілді өздігінен үйренушілер де пайдалана алады.