Үрімжі: ҚХР Шыңжаң халық бас., 2005. — 386 б. — ISBN 7-228-09412-3.
Ежелгі үйсіндер – қазіргі Қазақстанның Жетісу өлкесі мен оған көршілес Қырғызстан және Қытай Халық Республикасының Шыңжан аймағында іргелі мемлекет құрған байырғы этнос. Олар қазақтың этникалық түп-тегінің ең көне тамыры саналады. Ғалымдар ежелгі қытай жазбалары мен археологиялық материалдарға сүйене отырып, ежелгі үйсіндерде мемлекеттік биліктің көшпелі халықтарға тән қалыптасқан жүйесі, мемлекеттіктің барлық нышандары болғанын атап көрсетеді.