Монография. — Алматы: Қазақ кітабы баспасы, 2021. — 134 б.
Монографияда тәуелсіздік кезеңіндегі жас қаламгерлердің (М.Омарова, Қ.Мүбарак, А.Мырзахмет, А.Мантай, Л.Қоныс, М.Мәлік) туындыларындағы әлемдік әдеби дәстүр ықпалдастығы: готикалық, магиялық, мистикалық мотивтер және мифопоэтикалық сарындар мәселесі қарастырылады. Тәуелсіздік кезеңіндегі туындылардағы әлемдік әдеби дәстүр ықпалдастығы: готикалық, мистикалық, магиялық, мифопоэтикалық сарындар жас қаламгерлер туындылары арқылы талданып, әдебиеттанудың жаңа бағыттарының туу мен қалыптасу деңгейінде түсіндіру, көркем прозадағы шығармашыл тұлғаның ой әлеміне талдау жасау арқылы интеллектуалдық сипатын таныту, сонымен қатар теориялық тұжырымдар жеке авторлардың шығармаларынан нақты дәйектелуінің нәтижесінде зерттеу тұжырымдары әдебиеттану ғылымындағы готикалық, мистикалық, магиялық, мифопоэтикалық өрнектегі бағыттар зерделенеді. Монография әдебиет зерттеуші ғалымдарға, филолог студенттер мен магистранттарға арналған