На казахском, английском и русском языках. — Ақтау: Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, 2020. — 123 б.
Жинаққа қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында «Абай танымындағы Адамзат және Жаратылыс концепциясы» тақырыбында өткен халықаралық on-line (вебинар) семинар материалдары енгізілді. Жинақ мазмұнында Ұлы Абай мұраларындағы философиялық, ағартушылық көзқарас, оның жалпы адамзат жаратылысы сырларын танудағы орны, Абай шығармаларындағы психологизм, ұлттық тәрбие, Абайдың «толық адам» концепциясының қазіргі адамтанумен сабақтастығы, Абай тілінің құдіреті, Абай және ұлттық рухани жаңғыру мәселелері туралы жан-жақты талданады.
Жинақ ЖОО оқытушылары мен докторанттарына, білім алушыларға және Абайтану мәселелеріне қызығушылық білдіретін ғылыми ортаға арналады.