Зарегистрироваться
Восстановить пароль
FAQ по входу

Шагиева Б. Библиография

  • Файл формата pdf
  • размером 2,35 МБ
  • Добавлен пользователем
  • Описание отредактировано
Шагиева Б. Библиография
Астана: Кәсіпқор, 2019. — 130 б.
Оқу құралы кітапхана ісінің болашақ маманына табысты кәсіптік қызмет үшін қажетті оқу-тәжірибелік материал болып табылады. Оқу құралы қарапайым және қолжетімді түрде библиографияның мәні, қағидаттары мен міндеттері туралы түсінік береді, оның қызметінің құрылымын және виртуалды кеңістіктегі анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету процестерін ашып түсіндіреді, сондай-ақ Қазақстан библиографиясының тарихын сипаттайды.
Теориялық материалды бекіту үшін әрбір тақырыптың соңында білім алушыларға оқу материалын тиімді меңгеруге көмектесетін білімді өздігінен тексеруге арналған сұрақтар ұсынылған. Сұрақтардан кейін пайдаланушылардың библиографиялық анықтамаларын орындау дағдыларын қалыптастыру, библиографиялық өнімдер үшін әдебиеттерді таңдау, библиографиялық шолуларды жүргізу, шағын нысандағы ұсынылған оқу құралдарын құрастыру мақсатында оқыту нәтижесін бағалауға арналған тәжірибелік тапсырмалар берілген. Теориялық материал көрнекі мысалдар, схемалар және кестелермен, сондай-ақ қосымша тереңдетіп оқуға арналған әдебиеттер ұсынымымен бірге беріледі.
Оқу құралы кітапхана ісі мамандарын дайындайтын колледждерге арналған, сондай-ақ бұқаралық кітапханалардың тәжірибелік қызметкерлері үшін қызығушылық тудырады.
  • Чтобы скачать этот файл зарегистрируйтесь и/или войдите на сайт используя форму сверху.
  • Регистрация