Оқу құралы. — Алматы: Қазақ университеті, 2018. — 230 б.
«Отандық және шетелдік баспа ісі» оқу құралының мақсаты — Қазақстан кітап нарығының қалыптасуы мен дамуының негізгі бағыттары, оны жоғары дамыған елдерде кітап нарығының жетістіктерімен салыстыру; баспалар және баспа орындарының өсу қарқыны мен дамуын талдау; кітап өнімдері бағаларының құрылуын, кітап таратудың дамуын талдау және кітап шығарудың жаңа модельдерін дамыту қажеттілігіне назар аудару.