Алматы: Қазақ университеті, 2020. — 190 б.
Монографияда қазақ əдебиетіндегі ұлттық рухтың көрініс табуы ежелгі дəуірдегі Орхон-Енесей жазба ескерткіштеріндегі, хандық дəуірдегі жыраулар поэзиясындағы, XIX ғасырдағы қазақ əдебиетіндегі дəстүрлік арналары, ХХ ғасырдың бас кезіндегі əдебиеттегі жаңашыл сипаты арқылы сараланады. Зерттеуші ұлттық рухтың қазақ əдебиетіндегі көркем бейнеленуін дəстүр, тарихи негіз, ізденіс бағыттары, ұстанымдық мəні мен көркемдік қызметі, жаңашылдық сипаты тұрғысынан жан-жақты ашқан. Ғалымның қазақ əдебиетіндегі ұлттық рухты біртұтас көркемдік жүйеде қарастыруға байланысты жасаған түйінді тұжырымдары əдеби үдерісті бүгінгі күнгі көзқарас тұрғысынан ғылыми байыптаудың нақты белгісі болып табылады. Зерттеу еңбек əдебиеттанушы ғалымдарға, магистранттар мен студенттерге арналған.