Философия докторы (PhD) дәрежесіне іздену үшін ұсынылған диссертация. : 6D060200 – Информатика. — ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты. — Алматы: 2021. — 84 б.
Ғылыми кеңесшілері:
Пак Иван Тимофеевич – т.ғ.д. профессор, ҚР БҒМ ҒК Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институтының бас ғылыми қызметкері, Алматы қ. Қазақстан.
Vladimir Siladi – PhD, профессор, Матей-Бель университеті, Банска-Бистрица қ. Словакия.
Диссертациялық жұмыстың мақсаты:
Мультиагентті жүйелердегі өзін-өзі басқару және өздігінен білім алу қасиеттерін GRID жүйесін ұйымдастыруда қолдануды зерттеу және құру.
Зерттеу нысаны:
Мультиагентті жүйедегі оқыту және өзін-өзі басқару, ерікті құрылымдағы мультиагентті жүйе негізінде жүктемені үлестіру.
Зерттеу пәні:
Өнімділігі жоғары есептерді шешу және ұйымдастыру үшін ұялы телефондардың, дербес компьютерлердің ресурстарын тартатын мультиагентті жүйе.