Ташкент: Ғ.Ғұлам баспасы, 2017. — 118 б.
Бұл оқулық жалпы білім беретін мектептердің 6-сыныбына арналған. Ол Өзбекстан Республикасы Халыққа білім беру министрлігі бекіткен Мемлекеттік білім стандарты және оқу бағдарламасы негізінде жазылды. Бүгінгі таңға дейін 6-сыныптар үшін жалпы білім беретін мектептерде Мемлекеттік білім стандарттары негізіндегі бейнелеу өнері оқулығының болмауы оқушыларға біраз қиындықтар туғызып, бос кеңістік жасап келді. Бейнелеу өнері пәнінің оқытушылары көптеген жылдар бойы оқу жоспары негізіндегі сабақ тақырыптарын қосымша әдебиеттерді пайдаланумен ғана жүргізді.
Жаңа оқулықтың дүниеге келуі бұл пәнді оқытуда төмендегідей бірнеше проблемаларды шешуге көмектеседі:
Ұзақ жылдар барысында бейнелеу өнері пәнін меңгеруде пайда болған бостық толтырылады.
Бұдан былай пән оқытушылары үшін 6-сыныптың оқушыларына төрт тоқсанға арналған тақырыптарды ойдағыдай және терең үйретуге мүмкіндік туғызылады.
Бейнелеу өнері пәнін оқытуда сабақтың мазмұнын сапалық тұрғыдан жаңа сатыға көтеруге қол жеткізіледі.
Оқулықтың әдістемелік қолданбасында мұғалімдер үшін 45 минуттық сабақты ұтымды бөлу, сабақ бөліктерін өнімді пайдалану секілді әдістемелер мен ұсыныстар берілген. Сонымен қатар топтарға бөлініп жұмыс істеу, түрлі интербелсенді сабақ технологияларын пайдалану әдістері ұсынылған. Оқытушы кейде сабақты дәстүрлі емес ойындар түрінде ұйымдастырып, шығармашылық тұрғыдан дайындауы да мүмкін. Бірақ МБС-та белгіленген, оқушылар меңгеруге міндетті ВМК-лерді назардан тыс қалдырмау керек.
Оқулықтағы тақырыптар оқушыларға жалпылама және тыңғылықты білім беруге бағытталған. Оқушыларт әр тоқсанның басында негізінен теориялық білімдерді игереді. Ал тоқсан барысында сан түрлі тақырыптар бойынша практикалық жұмыс жүргізудің біліктері мен заңережелерін, шығармашылық тұрғыдан жұмыс істеу әдістерін, түрлі терминдер мен сөз тіркестерінің мән-жайын біліп алады. Оқулықтың әдістемелік қолданбасында оқушылар үшін сұхбат дәптерін арнау қажеттігі атап көрсетілген. Оқулықтың тағы бір абзал қасиеті – оқушылар басқа пәндердегі сияқты оқулықты оқып-үйренеді, сондай-ақ оқулықтан тиісті мәтінді көшіріп алудың практикалық жаттығуларын орындайды.