Алматы: 2012. — 132 б. — ISBN: 9965-9720-9-5.
Автордың бұл еңбегінде қазақ халқының көрнекті қаламгері Сəбит Мұқановтың поэмалары сөз болады.
Автор қамтыған мəселелер - Сəбит Мұқановтың дастаннан поэмаға келу жолын қарастыру жəне сыншылар назарына ілініп, ғылыми айналымға енбеген кейбір поэмаларының жанрлық-тақырыптық, идеялық-көркемдік ерекшеліктерін жете зерттеп, оларды бүгінгі күн тұрғысынан жаңаша бағамдау.
Ақынның əрбір поэмасына теориялық талдау жасау арқылы поэма жанрына келу жолы мен осы жанрдағы ақындық дара ізденістерін көрсету жəне дəстүр мен жаңашылдық мəселелерін басшылыққа ала отырып, ақынның поэманы дамытудағы ақындық ролін анықтау.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының филология факультетінің студенттеріне, сондай-ақ, əдебиетті сүйетін көпшілік оқырман қауымға арналған.