Астана: Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің баспасы, 2013. — 202 бет.
Зерттеуде ХХ ғасыр басындағы Түркістан әдебиеті өкілдерінің отаршылдыққа қарсы туған шығармалары талданып, әдебиеттегі түрікшілдік және жәдитшілдік ағымдары әдеби үдеріс аясында дәстүр, ағым және бағыт тұрғысында сарапқа салынып, басмашылық құбылысы мен отаршылдыққа қарсы әдебиеттің мұғажырлық кезеңі туралы жаңа тұжырымдар жасалына отырып, бүгінгі талап деңгейіндегі ғылыми нәтижелерге қол жеткізілген.
Автордың үлкен жетістіктерінің бірі – оның еліміздің ешбір кітапханалары мен мұрағаттарында толық саны табылмайтын «Йени Түркістан» және «Яш Түркістан» журналдарының деректеріне қол жеткізе алғандығы. Сонымен қатар, Өзбекстан мен Түркиядағы тың мағлұматтарды игеріп, отандық ғылыми айналымға өзіндік жаңалықтар қосқандығымен де ерекшеленеді.
Ұсынылып отырған монографияны жоғары оқу орындарындағы әдебиеттанушы, түркітанушы мамандығының студенттері, магистранттары және докторанттарына ХХ ғасыр басындағы әдебиет, түрік халықтары әдебиеті және салыстырмалы әдебиеттану пәндері бойынша міндетті пән дәрістері ретінде, сондай-ақ осы бағыттағы зерттеулерде, семинарлар мен практикалық курстарда пайдалануға болады. Кітап жалпы оқырманға арналады.