Павлодар: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, 2010. — 324 б. — ISBN: 978-601-267-090-5.
Оқу-әдістемелік құралда информатика теориялық негіздерінің іргелі ұғымдары – информация және информациялық үрдістер, әртүрлі информацияның ұсынылуы және мағыналы, ықтималды өлшемі, есептеуіш техниканың арифметикалық және логикалық негіздері, алгоритмдеу және модельдеу негіздері толықтырылып баяндалған. Нейман автоматты есептеуіш машинасының функционалды және құрылымды ұйымдастырылу принциптері мен қазіргі дербес компьютерледің модульді архитектурасы қарастырылған. Дербес компьютердің аппараттық жабдықталуы, құрылғылардың сипаттамалары толықтырылған.
Қолданбалы программалардың ортасында әр түрлі информациямен жұмыс жасау, деректер қоры және желілік технолгиялары толықтырылып сипатталған.
Құрал «Информатика» және «Информатиканың теориялық негіздері» пәндерін оқитын педагогикалық жоғарғы оқу орындарының студенттері және магистранттарына арналған. Оны жалпы білім беру мектептері мен арнайы орта оқу орындарының мұғалімдері және де оқу-ағарту мамандарының білімін жетілдіру саласында да пайдалануға болады.