Евразийский университет, доцент, к.т.н. Ивлева А.Н., Нур-Султан (Казахстан), 2019. 65 с.
Специальность - Безопасность жизнедеятельности.
Механикалық желдету жүйесі жалпы ауа алмасуда, жергілікті де бола алады. Жергілікті жүйеде құрылғы арқылы зиянның бөлінуіне қарсы әртүрлі қорғаныс түрін жасайды, ауа жергілікті ауа шығару нұсқауымен, яғни ауа өтемақысы, жергілікті ауа шығаруды жою, бөлме ішіне жаңа таза ауаның берілуімен жойылады.
Табиғи желдету жүйесі бөлмеде болатын әртүрлі көлемі көп мөлшердегі сыртқы салқын ауа мен жылу, ауа алмасуымен жүзеге асады, сонымен бірге жел әсерінен де болуы мүмкін. Ал механикалық желдету жүйесіндегі ауа алмасу тек желдеткіш жұмысы арқылы жүзеге асады.
Желдету қондырғыларының өндiрiстегі негiзгi жұмысы - машиналарды, механизмдерді және өндiрiстiк бөлмелердi шаңнан тазарту. Астықты қабылдау, орын ауыстыру, тазарту және өңдеу процестері кезінде шаң пайда болады. Астықты өңдеу кезінде көп мөлшерде жылу мен ылғал бөлінеді, бұл шаңмен бірге зеңнiң және микроорганизмдердің пайда болуына әкеліп соғады. Желдету желiлерiнiң дұрыс жұмыс істемеуі немесе оның болмауынан өнiм желімденіп қалады. Станоктардағы біліктердің бұдыр беттері мен елеуiштердiң тесіктері бітеліп, соның салдарынан өнiмнiң ұнтақталуы нашарлайды, сүзетiн бетi азаяды. Бұл технологиялық процестің дұрыс жүруіне кедергі келтіріп, кәсiпорынның өнiмдiлiгiн азайтады және өнiм сапасын нашарлатады.