Оқу-əдістемелік кешені. — Алматы: Қ.И.Сəтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2008. — 80 б.
Оқу-əдістемелік кешені 050709 – Металлургия мамандығы бойынша оқитын студенттерге арналған. Оқу-əдістемелік материалдар кешені студенттерге стандарттау, сертификаттау жəне метрология бағытында тереңдетілген ғылыми білім берумен қатар, осы саланың əдістеріне үйретуде, жабдықтар мен аспаптарды зерттеп дайындауда, сапаны басқаруда жəне оны бақылауда, стандартты дайындауда, стандарттың тиімділігін есептеуде қолдану тəжірибесіне дағдыландыру болып табылады жəне осы саланың əдістерімен, қолданылатын құрал – жабдықтарымен таныстырады. Метрологияның басты қағидалары мен талаптары, стандарттау мен сапаны басқару жөніндегі нормативті – техникалық құжаттар, мемлекеттік актілер жəне олардың өнімнің сапасын арттырудағы, дүниежүзілік рынокта бəсекелестік қабілеттілікті арттырудағы алатын орындарын талдауға үйретеді. Кешеннің құрамына дəрістік жəне тəжірибелік сабақтар кіреді. Студенттердің өздік жұмыстары, кітапханадағы жəне Интернеттегі оқу жəне ғылыми əдебиеттерді қолданумен, реферат, ауызша баяндама, бақылау жұмыстары, бақылау сұрақтарына дайындық, өздік жұмыстар жəне т. Б. Сияқты жазбаша жəне ауызша жұмыстардың орындалуын қарастырады. Осы пəнді оқу кезінде студенттердің игеретін білімдері мен дағдылары Қара жəне түсті металдар өндірісінің технологиясы, Металлургиялық объектілерді жобалау, Композициялық материалдар технологиясы, Қаптама теориясы мен технологиясы, Арнайы қорытпалар мен материалдар сияқты арнайы пəндерді оқып зерделеу кезінде қажетті болады. Бұл оқу-əдістемелік кешенмен ұсынылатын пікірсайыстар ойдың жылдамдығы мен логикалығын дамытуға, үйлесімді шешімдерді табуға бағытталған, жеке шешім қабылдай білу мен ынталықтың дамуына əсер етеді.