Алматы: ҚазҰТУ, 2012. — 98 б.
Ұсынылып отырған оқу-əдістемелік кешені (ОƏК) пəннің силабусына сəйкес, 5В090100-Қозғалысты, тасымалдауды ұйымдастыру жəне көлікті
пайдалану мамандығы бакалавриаты үшін типтік жəне жұмыс оқу жоспары негізінде жасалған.
Дəрістердің (көлемі 2 кредит) мазмұны пəннің негізгі тақырыптарын қамтиды: Метрология, стандарттау жəне сапаны басқару пəні, негізгі терминдер мен ұғымдар, Қазақстандағы стандарттау, сертификаттау жəне метрология даму тарихы, Қазақстан техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің ұйымдастыру-техникалық жəне құқұқтық негіздері, мақсаты мен принциптері; стандарттар түрлері, стандарттар жасау реті, сертификаттау сұлбалары мен əдістері; өлшеу құралдарының метрологиялық сипаттамалары, өлшем бірліктері жəне өлшеу қателіктері. Əрбір тақырып ағымдық сұраулармен, ал семестр екі аралық бақылаумен аяқталады.
Зертханалық сабақтарының көлемі 1кредит. Əрбір тəжірибелік сабақ сəйкес əдістемелік сипаттамалармен, физикалық шамалардың өлшеу нəтижелерін, метрологиялық сипаттамаларын, стандарттарды жасау, бекіту ретін, серификаттау объектілерінің сəйкестігін растау қарастырылатын əртүрлі есептеулер жəне құжаттарды жасау мысалдарымен сабақталады. Емтихан пəнді зерделеудің, тəжірибелік машықтанудың бағалауы болып саналады. Емтихан тест түрінде өткізіледі.