Алматы.: Қазақ университеті, 2013. – 424 бет.
Оқу құралына ұлттық университеттердің оқу бағдарламаларына сәйкес ықтималдықтар теориясының есептері мен жаттығулары енгізілген. Тапсырмалар есептер мен жаттығулардың күрделілік деңгейлеріне қарай орналастырылған. Әр тараудың алдында осы тарау материалдарына қатысты қысқаша теориялық мағлұматтар келтірілген және типтік есептер шығарудың жеткілікті мысалдары қарастырылған. Жинақтың екінші жартысында барлық есептер мен жаттығулардың не жауабы, не шешу әдісіне нұсқау, не толық шешімі берілген.
Оқу құралы жоғарғы оқу орындарының математика және математикаға жақын мамандықтар студенттеріне, магистрлері мен докторанттарына арналған. Оқу құралын математиканы тереңдетіп оқытатын техникалық және экономикалық жоғары оқу орындарында да пайдалануға болады.